$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Еттің бағасын көтеру керек,- Е.Қарашөкеев

AstanaTV
08.09.2022ж. 20:00
508
Еттің бағасын көтеру керек,- Е.Қарашөкеев

Сыртқа экспорталатын еттің бағасын көтеру керек. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, бүгін Сенат отырысында осындай бастама көтерді. Оның сөзінше, қазір шаруа қожалықтарында ет бағасы саладағы материалдық шығындарды өтей алмай жатыр. Сондықтан да шетелге шығатын малдың бағасын көтеру керек дейді. Министрліктің мәліметінше, биыл ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 60 мың ірі қара мал мен 120 мың ұсақ малды экспорттау көзделіп отыр. Алайда шаруашылықтардағы көтерме сатып алу бойынша баға 1300 теңгеден аспайтын көрінеді.  Ал бұл өзгеріс ішкі нарыққа ешқандай әсер етпейтінін ескертті.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТР:

Бізде шаруашылықтардан малды алып отыратын көтерме саудамен малды алып отырған кезде олар 1300,1400,1700-ден-ақ алады. Базарда көріп отырсыз бағаны 2700-3000мыңға дейін асып отыр. Сол себептен бізге ең алғашқы біздің мақсатымыз сол квотаны енгізу арқылы, біздің мал шарушылығымен айналысатын  қожалықтардың кішкене табыстарын арттыру.

Б. Сатуов


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах