Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанадағы атыстан екі адам жараланды

AstanaTV
18.07.2016ж. 20:00
2383
Астанадағы атыстан екі адам жараланды

Бүгін Астанада да атыс тіркелді. Оқиға «Rixos» қонақ үйінің ауласында болған. Ішкі істер департаментінің ресми ақпарына қарағанда, жараланған екі адам бар. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде атыстың видеосы тараған. Онда «Rixos»-тың сыртқы есігінің алдында абыр-сабыр жүріп жатқаны нақты көрінеді. Күзетшілер де шұғыл жиналып жатыр.

Полиция дерегінше, оқ атқандар қонақ үйдің мейрамханасына келген қонақтар екен. Жанжал 25 және 29 жастағы екі жігіттің арасында туындапты. Жеңіл жараланған екеуге медициналық көмек көрсетіліп, сақшылар шақыртылған. Қазір «бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрыстың туындау себебі анықталып жатыр. 

София Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысы бар 25 және 29 жастағы күдіктілер ұсталып, уақытқа қамауға алынған. Жарақаттары сонша ауыр емес. Клиенттер, бардың қонақтары деп айтуға болады.