$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қарағанды облысының тұрғыны жалған анықтама алғаны үшін көше сыпырды

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
1896
Қарағанды облысының тұрғыны жалған анықтама алғаны үшін көше сыпырды

Қарағанды облысының тұрғыны белгісіз біреулерден жалған анықтама сатып алғаны үшін 4 күн көше сыпырды. Ол 3 күн еңбекке жарамсыздығы туралы құжатты  4 мың теңге сатып алған.  27 жастағы азаматты қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешімді сот шығарды. Еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманың жалған екені  жігіт құжатты жұмыс орнына апарған кезде анықталған. Кәсіпорын қызметкерлері дереу полицияға хабарлайды.  Анықтама алған азаматқа қатысты Қылмыстық Кодекстің  385- інші, яғни «жалған құжат жасау, сақтау » бабымен іс қозғалған.

СОТТАЛУШЫ:

Мен жұмыс істеп жүріп семейный жағдай болып больничный алдым 3 күнге 4 мыңға сатып алдым. Ол больничныйды жұмысқа тапсырған кезде фальшивый боп шықты. Енді онлай фальшивый больничный алмаңыздар.

А. Қуаш