$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Шымкентте дизель тапшылығынан ауыр жүк көліктері қаңтарылып тұр

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
1662
Шымкентте дизель тапшылығынан ауыр жүк көліктері қаңтарылып тұр

Шымкентте дизель тапшылығынан  жүк көліктері қаңтарылып тұр.  Май құю бекеттері жағармайды небәрі 50-100 литрден ғана беріп жатқан көрінеді.  Оның өзінде ұзын сонар кезек, кейбіреулерге тіпті жетпей қалады дейді жүргізушілер.   Тапшылық неден туындады? Құзырлылар бұған не дейді? Тілшіміз Айзада Төребекқызы мәселенің мән-жайын анықтады.

Ауыр жүк көліктері жағармайдың жоқтығынан қаңтарылып тұр. Жеке кәсіпкер Тұрмахан Әміровтың айтуынша,олар құрылысқа қажет материалдарды жеткізуде тапсырысты дер кезінде орындай алмай жатыр.  Көп бекетте дизель мүлдем жоқ, тек  ірі май құю бекеттерінен   алуға болады. Бірақ, оның өзі шектеулі дейді.

Тұрмахан ӘМІРОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Үлкен заправкалардың өзінде 100 литрден, кейбіреуі 50 литрден береді. Мысалыға мен ертең машинамды Созаққа жіберуім керек, ал ол жаққа 300 литр солряка керек. Ал мен ол 300 литр солярканы бір күн жүріп ана заправка, мына заправка лимитпен құйып, жинауым керек.  

 
Көлік жүргізушілердің сөзінше,  бір айдан бері жағдай осындай. Сенбі - жексенбі күндері  мүлдем таппай қаламыз дейді.   

Темірхан ҚОБЛАНОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:


Өте жағдай ауыр боп тұр. Әрбір заправкаға барып кезекте тұрасың соляркаға,  50 литрлеп береді. Онда да очередке тұрасың. Тура кезегің келген кезде  бұл жерде лимит бітіп қалды деп солярканы бермей қояды. Сол жерде түнімен қонып қалатын кездер болады.  


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Дизель тапшылығының зардабын қарапайым тұрғындар да  көріп отыр.   Қала көшелерінде тұрмыстық қалдықтар уақытылы алынбай жатыр. Әр үйдің алдында таудай үйілген қоқыс. Кемі үш аптадан бері  осылай тұр.
 
Бибісара ӨТЕЛ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Әр четверг күні күтеміз. Асты құрттап жатыр. Қайта-қайта қаптаймыз, қайта-қайта иттер шашып кетеді, мысықтар шашып кетеді. Ит қорлықпенен сасық, далаға мүлдем жата алмай қалдық. Далада отыра алмай да қалдық. Звондайды, «май жоқ» дейді.  

«Өңірлік Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасының айтуынша,  бұл  ашықтық пен бақылаудың жоқтығынан.   
 
Қайыпбек ҚАМБАРОВ, ӨҢІРЛІК ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Жоғарыдан, мұнай өңдеушілер, қор ұстаушылардан бастап тексеру керек. Солар қанша өңделіп жатыр, ол шыққан өнімдері қайда кетіп жатыр? Дұрыс бөлінбей жатыр!. Мәселенің бәрі осында ғой.
 

Ал қалалық кәсіпкерлік басқармасындағылар тапшылыққа күзгі жиын-терім мен жағармайдың уақытылы жеткізілмеуі себеп дейді. Дегенмен, "біз бағаны ғана бақылай аламыз" деген әкімдік өкілі  мәселенің шешілетініне сенімді.  Қоқыс тасымалдаушы  компаниямен келісім шарт жасалып жатқанын айтты.  
 
А. Төребекқызы