$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде «Ауыл әйелінің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
1704
Ақтөбеде «Ауыл әйелінің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті

Ақтөбенің Мәртөк ауданында «Ауыл әйелінің ел дамуындағы рөлі» атты   форум өтті. Онда ауыл әйелдерінің өздігінен кәсіп бастап, алға батыл қадам жасауы,  дамып жетілуі үшін маңызды мәселелер талқыланды.  Форумға    екі жүзге жуық кәсіпкер әйел қатысты. Олар -түрлі шаруаны дөңгелетіп отырған табысты қыз-келіншектер. Әсемгүл Қайрақбаева  алғашқылардың бірі болып  ауылда наубайхана ашқан. Оған мемлекеттен алған қайтарымсыз грант үлкен демеу болыпты. Кәсіпкер облыс орталығынан да дәмхана ашты.  Алдағы уақытта ісін онан әрі өркендету ойында бар.

Әсемгүл ҚАЙРАҚБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Әйелдерге жаңа бағыт-бағдарлама ұсынса, именно кәсіпкер әйелдерге жалпылама емес бөлек бағдарлама ұсынылса, біздерді басқаша бағдарламамен дамытса деген ой.

Форумда    бизнес жүргізу, білім саласы, тұлғалық даму, маркетинг пен  тағы басқа  бағыттар  бойынша   ақпараттар айтылды. Депутаттар, табысты кәсіпкерлер, психологтар мен қоғамдық бірлестік басшылары шеберліктерімен бөлісті.  Форумға қатысушылар еліміздің оқу-ағарту мәселелерін де талқылады.  

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

«Аманат» партиясының сайлау алды бағдарламасы бар. Аталған бағдарламада негізі үш ауысымды мектеп, апатты мектептердің проблемасын шешу, мұғалімдердің айлық жалақысын көтеру.Сонымен қатар жалпы ауыл мен қала мектептері арасындағы білім алшақтықтарын азайту мәселесі қамтылған.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ. "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бұл бірінші кезекте,   білім беру  болса, екіншіден өзін-өзі дамыту, жұмыс істеу. Үшіншіден, еліміздегі маңызды салалар бойынша  шешім қабылдауда әйелдердің пікірімен санасып, олардың үніне құлақ түргіміз келеді.

Б. Рақметова