Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өңірлер Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтуде

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
1092
Өңірлер Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтуде

Халық Қостанаймен бірге! Апат аймағына күн сайын  өңірлерден  гуманитарлық көмек жөнелтілуде. Қызылордалықтар өрт шарпыған аймақ тұрғындарына қолдау ретінде 31 тонна азық-түлік жіберді.  «AMANAT» партиясы облыстық филиалымен 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылған. Оған партия белсенділері мен жергілікті кәсіпкерлер, тұрғындар қолдарынан келгенше үлес қосуда.

Медет ЖОРАБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

30-дан астам ерікті бүгінде осы саланы әрі қарай дамыту үшін қызмет атқарып, жүкті әрі қарай жеткізуге өз күштерін қосуда. Барлық Сыр елінің халқына алғыс білдіреміз. Және де мұнан бөлек Торғай өңіріне көмек ретінде арнайы есеп шот ашылып, қазіргі таңда қаржылай көмек аударып жатқан азаматтарымыз да бар.

Ал Ақтау жұртшылығы қостанайлықтарға үш тонна азық-түлік, үш тоннадан астам киім мен тұрмыстық қажеттіліктер жіберді. "AMANAT" партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері, кәсіпкерлер мен белсенділер бұл  заттарды 4 күнде жинаған.   

Абзал МАРАТ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Жастар рухы" жастар қанатының өкілдері белсенді түрде қызмет жасап, Тобыл,Торғай аймағында болған жағдайға қатысты көмек жинады. Маңғыстау облысында 5 аудандық, 2 қалалық пункт жұмыс жасап, өздерінің үлестерін Қостанай облысына жөнелтуде. Мен осы сәтті қолдана отырып, Маңғыстаулықтарға өзімнің атымнан, партияның атынан зор алғысымды жеткіземін.

А. Задабек