Алматыда велосипедші жол бойында көз жұмды. Алдын ала дерек бойынша жүргізушінің халі кенеттен нашарлаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Оқиға Әуезов ауданында болған. Мұнда дереу жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен. Өкінішке қарай, олар ер азаматтың өмірін аман сақтап қала алмады. Бүгінде құзырлы органдар велосипедші өлімінің нақты себебін анықтап жатыр. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, велосипедші көлік жүретін жолмен келе жатқан.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, аталмыш дерек ресми түрде тіркеліп, адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер азамат велосипедті тізгіндеген сәтте халі нашарлады.
М. Жақан