Adv pic
$476.89 €505.27 ₽4.95
×

Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар балаларға арналған интернат талапқа сай емес

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
509
Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар балаларға арналған интернат талапқа сай емес

Ақтөбедегі  психикалық ауытқуы бар балаларға арналған интернат ғимараты тиісті талаптарға сай келмейді. Бір жылға жуық уақыттан бері  онда қырықтан астам бала тәрбиеленген. Алайда, орталықта  дене шынықтыруға, емдеу шараларын жүргізуге ешқандай жағдай жасалмаған.   Балаларды сауықтыруға арналған арнайы кабинеттер жоқ,  асхана да  қарастырылмаған. Жиһаздың жеткіліксіздігі де анықталды.

Бекзат ӨСЕРБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ «АСТАНА» АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тексеру барысында екі бағыттағы мекемені бір ғимаратта орналастыруға болмайтындығы жөнінде анықталды. Аталған бағытта екі мекемені басқа мекен-жайға орналастыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдау жөнінде прокурорлық актіде ол мәселе көрсетілді. Қазіргі таңда облыстық, жергілікті атқарушы органдармен аталған мәселені шешу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Қазір бұл әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 43 бала бар. Интернатта күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан осы жылдың басында «Үміт» сәбилер үйіне көшірілген. Прокурорлар  арнайы интернатқа бөлек ғимарат қарастыру қажеттігін айтып отыр.

Эльмира СҮЙІНШАЛИНА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздерге енді здание жоқ. Ол балаларды орналастыратын қай жерге орналастыратын ғимарат жоқ. Мен тап қазір қандай шара болатынын сізге айта алмаймын. Бұл уақытта жұмыстар жүргізілуде.

Б. Рақметова