Өзгені құтқару үшін өз өмірін қауіпке тікті. Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылындағы көпқабатты үйдің бесінші қабатынан өрт шығып, 6 адам іште қалған. Арасында балалар мен мүмкіндігі шектеулі жан да бар. Айналаны қызыл жалын шарпып, адамдар көк түтінге тұншыға бастаған көрінеді. Дегенмен, уақытылы әрі жүйелі әрекетке кіріскен төтеншеліктер оларды құтқарып қалды. Тұрғындардың өрт сөндірушілерге айтар алғысы шексіз.
Орынкүл САТЫБАЛДИЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізді қызметкерлер терезеден шығарып алды, кранмен. Баллондарды алып шықты, 2 баллонды осы жердегі. Газ плитадан кетіп тұр өрт. Қызметкерлерге рахмет айтамыз. Дер кезінде келіп құтқарды. Айтпегенде үйінің барлығы жанатын еді. Документтері бәрі кететін еді.
М. Тоқтасынқызы