Алматыда
атыс ұйымдастырған қылмыскердің көздегені судьялар мен прокурорлар болған.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
Жиында Қазақстан полициясы жыл соңына дейін жіті тексерістен өтетіні белгілі
болды. Президент тапсырмасымен олардың әскери және моральдық-психологиялық
дайындығы тексерілмек. Ал қауіпсіздікті күшейту мақсатында 20 әуежай мен 18
вокзал арнайы қондырғылармен жабдықталмақ. Ол үшін 5 жарым млрд теңге бөлінетін
болды. Үкімет үйінен Айгүл Әдепбай.
Премьер-министр
Кәрім Мәсімов Алматыдағы жағдай тұрақталды, бақылауда деп мәлімдеді. Қаза
болған адамдардың отбасына көңіл айтып, Үкімет отырсын бір минут үнсіздіктен
бастады.
Бұл
жайт лаңкестік әрекет деп бағаланды. Бірінші болып есеп берген ІІМ Қалмұханбет
Қасымов оқиғаның хронологиясын тізді. Оның айтуынша, қылмыскер бұл қадамға
құқық қорғау органдарынан өш алу үшін барған. Ең бірінші кезекте сот пен
прокуорларды нысанаға алған.
Қалмұханбет
Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
Оған
ота жасалды. Сөзінде барлық құқық қорғау органдарына, сот, прокуратура және
полиция қызметкерлеріне кек сақтағанын айтты. Арқасына асқан сөмкесінде қаруы
болған. Бірінші кезекте судьялар мен прокурорларды өлтіруді көздеген.
Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің бастығы Владимир Жұмақанов терроризм және экстермизммен
күресті жетілдіре түсу үшін заң жобасы дайындалып жатқанын айтты.
Жауапкершілік, жаза қатаңдайды. Қылмыскердің мүлкі тәркіленеді. Күзет ұйымдары
күзетке алған нысандарын террористерден қорғауға міндеттеледі. Қару-жарақ
айналымы да қатаң бақылауға алынады.
Владимир
Жұмақанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
Антитеррорлық
заңнаманы орындаудан жалтарған, қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз
етілмеген жағдайда, ол нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қару-жарағы бар мекемелерді ішкі істер
органдарына тексеруге мүмкіндік қаралған. Ал қорғауы тиісті деңгейде болмаған
нысандар жабылуы мүмкін.
Ал Қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен әскери техника қоймаларының күзетін күшейту
қажеттілігін көтерді. Және осы мақсатқа қаржы сұрады.
Сәкен
Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:
Қару,
оқ-дәрі, әскери техника сақталатын орындарды техникалық құралдармен қосымша
жасақтау қажет. Қазір тиісті мемлекеттік органдарға оған қаржы бөлу өтініштері жолданды. Сонымен қатар әскери бөлімшелердің жеке құрамы мен қарауыл жасағының
жеке қауіпсіздігін арттыру керек. Қажетті қаражат көлемі есептеліп, Қаржы
министрлігіне жіберілді.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов Президент тапсырмаларына орай қауіпсіздік
шараларына қажетті қаржының бірінші кезекте бөлінетінін айтты. Сонымен қатар
Алматының полицейлерінің жұмысын бағалап, құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар
берді.
Кәрім
Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
Терроризмге
қарсы операция барысында біздің полицейлер мен арнайы қызмет бөлімінің
біліктілігін атағым келеді. Лаңкестің шабуылына олар кәсіби түрде ерлікпен
тойтарыс бере алды. Сонымен қатар, мен Ішкі істер министрлігіне, Аламаты халқы
мен өзге аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау үшін, қосымша шаралар қолға
алуды тапсырамын. Алматы әкімдігіне қаза болған отбасыларға көмек беруді
тапсырамын. Денсаулық сақтау министрлігі жаралы науқастарға көмек беру жағын
мықтап қолға алсын. Сонымен қатар, Алматы әкімдігіне әлеуметтік мәселелерді
шешуге назар аудару керек.
Үкімет
жиынынан соң брифинге шыққан ІІМ күдіктінің кикбокспен айналысқанын, физикалық
тұрғыдан жақсы шыныққанын айтты. Ал құзырлы органдардан ресми мәлімет неліктен
кеш тарады деген сұраққа, көптеген ақпараттың тексеруді қажет еткенін айтты.
Қалмұханбет
Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
Біз
түсіп жатқан ақпаратты тексерумен болдық. Жалған мәлімет интернет арқылы көп
тарады. Қазір өтірік мәлімет таратқан азаматтарға қатысты қылмыстық іс
қозғадық. Мен сол ақпаратты таратқан блогер мен журналистке адвокаттар көмегіне
жүгінуге кеңес берер едім. Олардың айтқандары интернет желілері арқылы жылдам
тарады. Оның ішінде супермаркеттегі тұтқындар туралы ақпарат та бар.
Қазір
күдіктіден жауап алынып жатыр. Бас полицей оның ақыл-есі дұрыс екенін айтты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ