Елордада Рим папасы өткізген діни рәсімге 7 мыңға жуық адам жиналды. Месса рәсімінің барысында Рим Папасы бейбітшілік жолындағы күрес үздіксіз жүру керек деп насихаттады. Сондай-ақ, қазақстандықтарды өз тарихын санада қастерлеп ұстауға шақырды.
ФРАНЦИСК РИМ ПАПАСЫ:
Бұл жердің тарихы да түрлі ауыртпалықтан кенде емес. Мен зорлық-зомбылықтың әбжыландары туралы, атеистік қудалаулар туралы, халықтың еркіндігіне қатер төнген тынышсыз жол туралы ойлаймын. Бізге басымыздан өткерген қайғы-қасіретті есте сақтау пайдалы: біз өз жадымыздан кейбір беймәлім дүниелерді сызып тастамауымыз керек. Әйтпесе біз оларды ағып өткен. бірақ кейін кері ақпайтын су деп сеніп қалуымыз мүмкін
Рим папасы қазақстандықтарға алғысын жеткізді. «Жаратушыға осынау ұлы елде тұрып жатқан халық үшін алғыс. Бұл халықтың мынау әлем аса мұқтаж диалог пен бейбітшілікке ықпалдастығы алғысқа лайық», - деді. Айта кетейік, месса рәсіміне алыс-жақын елдерден арнайы келгендер аз емес. Өңірлерден ат басын бұрғандардың да баршылық. Бір ғана Қарағанды облысынан діни жиынға 350-ден астам католик өкілі қатысты.
БЛИЦ:
- Мен Қарағандыдан келдім. 2 мыңыншы жылдан бері осы христиан дінін ұстанамын. Бүгінгі күн мен үшін маңызды болды. Себебі Әкеймен бірге мессаға қатысу мен үшін бақыт, шексіз қуаныш.
- Мен ресейден келдім. Ұлтым поляк. Жалпы Қазақстанға жұмыс сапарымен келгенмін. Әкейдің келетінін есітіп, рәсімге қатысу үшін осында қалдым. Әкеймен мессаға қатысу мен үшін үлкен бақыт. Әкейді соңғы рет мен 2002 жылы көргенмін. Содан бүгін қайта көру бұйырыпты.
Б. Сатуов