Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы бастауыш партия ұйымдарының назарында

AstanaTV
19.07.2016ж. 20:00
4728
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы бастауыш партия ұйымдарының назарында

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалына қарасты «СмартОйл» бастауыш партия ұйымының мүшелері бүгін кезекті басқосуға жиналды. Олар "Ұлт жоспары -100 нақты қадам" және партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен талқылады. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа бес бағытын жан-жақты сөз етіп, әлемдегі қаржылық қиындықтарды тілге тиек етті. Тығырықтан шығудың бір жолы білімді ұрпақтың қолында, - деді жастар тәрбиесіне ат салысып жүрген жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері.

Айта кетейік, «СмартОйл» бастауыш партия ұйымының бір ұяшығы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжі болып табылады.

Гүлмира Оспанова, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Парасат» колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Біз Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Парасат» колледжі «СмартОйл» бастауыш партия ұйымының  мүшесі ретінде Елбасының барлық саясатын, Елбасының барлық жолдауларына қолдау ретінде білім саласында біз болашақта Қазақстанның әрбір маманының сапалы дайындалуына өз үлесімізді қосамыз деп сендіре аламыз.