Қызылордада кәріздік насостық станцияда 2 жұмысшы уланып көз жұмды. Төтеншеліктерге станция ішіндегі құдықта екі адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. Оның тереңдігі шамамен 3 метр болғанымен, суы таяз дейді құтқарушылар. Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ.
Мейрамбек ДОСПЕНБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Арнайы құтқару аппараттарын киіп, кәріз суынан 2 азаматтың алып шығып полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері болған жағдайды, мән-жайды анықтау үстінде.
М. Тоқтасынқызы