Түркістан облысы Кентау қаласында мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды. 10-сынып баласының денесі қала маңындағы ауылдардың бірінен табылған. Полиция дерегінше, күдікті көрші елдімекен тұрғыны. Ол да кәмелет жасқа толмаған. Белгілі болғандай, екі ауылдың жасөспірімдері жанжалдасып, төбелескен. Оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Полиция «Адам өлтіру» бабымен тергеу жұмыстарын бастады.
Гүлнар ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сонымен қатар, бұл тұрмыстық жанжалға қатысқан басқа да қатысушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы арнайы осы оқиға орын алған жаққа жұмылдырылып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында қызмет атқаруда.
А. Төребекқызы