$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Астана» арнасы тағы үздік атанды!

AstanaTV
19.07.2016ж. 20:00
2653
«Астана» арнасы тағы үздік атанды!

«Астана» арнасы тағы үздік атанды! Бұл жолы қазақ тілді журналистер арасында өткен VI «Алтын қалам» байқауында жаңалықтар қызметінің тілшісі Айгүл Әдепбай жеңімпаз болды. Әріптесіміз «Үздік сюжет» номинациясын жеңіп алған. 

«Үздік сюжет» номинациясы бойынша «Астана» телеарнасының тілшісі Айгүл Шайхимоваға беріледі! 

Байқау шарты бойынша журналистер биыл өндірістегі қарапайым еңбек адамдары туралы материал жасауы тиіс-тін. Айгүл Әдепбайдың Павлодар өңіріндегі кәсіпорындар жайында сюжеті "үздік" деп танылды. Биылғы «Алтын қаламға» 37 интернет-газет мақаласы мен 133 видеоматериал келіп түсіпті. Әділқазылар оның 21-ін іріктеп алып, алтауын «озық» деп таныған. «Үздік мақала» және «Үздік сюжет» аталымдары бойынша бір орынға 2 адамға жүлде тағағайындалыпты. Жалпы жүлде қоры - 2 млн теңге.

Бибігүл Жексенбай, бас редакторлар клубының президенті:

Бас редакторлар клубы биыл 6-шы рет өтіп отырған «Алтын қалам» байқауын Еуразиялық топтың қолдауымен өткізіп отыр. Бірінші орынға 500 мың теңгеден 2 орын, екінші орынға 300 мың теңгеден 2 орын және үшінші орынға 200 мың теңгеден 2 орын белгіленіп, өздеріңіз көргендей, 6 адам марапатталды.

Айгүл Әдепбай, «Астана» телеарнасының тілшісі:

Бұл енді менің ғана жеңісім емес, «Астана» телеарнасының жеңісі. Жалпы жаңалықтардың жұмысы жеңіл емес. Жаңалықты бір адам шығара алмайды, ол - ұжымдық жұмыс. Сондықтан осындай жоғары нәтижеге жеткен шығармыз. Біз өзіміздің достарымызбен әр сенбі сайын мына үйсіз-күйсіз, қаңғырып жүрген адамдарды тамақтандырамыз. Қайырымдылық шарасы деуге болады. Сондықтан осы қаржының бір бөлігін сол бағытқа жұмсайын ба деп ойлап тұрмын.