Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындады

AstanaTV
20.09.2022ж. 20:00
1427
Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындады

Қайрат Сатыбалды өз кінәсін мойындап, "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңге келтірген шығынды өтеді. Екінші астаналық сотта іс бойынша тыңдау өтті. Процесс ашық, бірақ онлайн режимде өтті. Бейнеконференция бойынша отырысты 50-ден астам адам бақылады, оның көбі-журналистер. Алайда, оның қорғаушылары процестің аудио, видеосының таспалануына келіспейтіндерін  білдірді.

Бауыржан БАТЫРОВ, АДВОКАТ:

Олар айыптаумен келісіп, кінәні толық мойындады және олар 28 миллиард теңге мен 12 млрд теңге сомасына мүліктік залал келтірген. Қайрат Сатыбалды тарапынан бұл сома өтелді.

Еске салсақ, белгілі кәсіпкер 13 наурызда ұсталған болатын.  Абақтыда өткен жарты жылда Қайрат Сатыбалды біраз өзгерген. Бірақ, отырысқа  қатысушыларды қуана қарсы алғанымен,  түсінік беруден бас тартты.

А. Базарбай