Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дін туралы заңға өзгерістер енгізіледі - Арыстанбек Мұхамедиұлы

AstanaTV
20.07.2016ж. 20:00
2573
Дін туралы заңға өзгерістер енгізіледі - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Елдегі соңғы оқиғалардан соң дін туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы президент қабылдауында болған Мәдениет және спорт министрі айтты. Елбасы аталмыш саланың жетістігімен қатар, бірқатар проблемалары барын алға тартты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Қазіргі кезде біз жұмыс органымен бірлесіп, бірнеше заңға өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Жақын арада өзіңіз Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаңыз бар, сол тапсырмаға сәйкес әр қадамды, әр шаруаны кеше біз үкімет отырысында дайындадық. Ең бірінші бізге, әрине, заң жағынан көптеген өзгерістер енгізуіміз керек.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Асқар Мырзахметовтың да есебін тыңдады. Жауын-шашынды жазға қарамастан, биылғы егін бітік шықпақ. Көктемгі дала жұмыстарының уақытылы жүргізілуінің арқасында шаруалар мол өнімнен дәмелі, - деді Асқар Мырзахметов. Биыл 22 миллион гектар аумаққа дәнді дақыл себілді. Оның 12 миллионы бидай. Осы маусымда шаруаларға 60 млрд теңге несие берілген. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ