$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясы жанынан машина жасау комитеті құрылды

AstanaTV
21.09.2022ж. 20:00
1054
«AMANAT» партиясы жанынан машина жасау комитеті құрылды

«AMANAT» партиясы жанынан машина жасау комитеті құрылды. Бүгін Орталық аппаратта оның құрамы мен ережесі бекітілді. Комитет төрағасы болып Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Әмірхан Рахымжанов сайланды. Бұл алаңда енді мүдделі мемлекеттік органдардың, кәсіпорын өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының қатысуымен саланың проблемалары талқыланбақ. Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, комитеттің негізгі міндеттерінің бірі – заңнаманы жетілдіру үшін талдау, ұсыныстар әзірлеу және сала өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Өз кезегінде комитет мүшесі, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев импортқа тәуелділікті азайту, өндірісті ұлғайту және соның салдарынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Соңғы 10 жылда өндіріс көлемі 6 есеге артып, өткен жылы 370 млрд теңгеден 2,4 трлн теңгеге дейін өсті. Стратегиялық міндет – импорттан барынша арылу. Экономиканың өсуіне байланысты машина жабдықтары импортына деген тәуелділіктің де артуы тоқтамайды.

Ә. Дүкембаева