$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

AstanaTV
22.09.2022ж. 20:00
1466
Күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны  жүріп жатыр.  Бұл жолы 700-ден астам жас  Отан қорғаушылар қатарына қосылады.   Енді әскерге барып келгендерге мемлекет қолдау көрсетеді. Олар әскери оқу орындарына емтихансыз  қабылданады, сондай-ақ, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнында тегін оқи алады. Толығырақ тілшіміз Айзада Төребекқызы айтады.  
 
Биыл көктемгі шақырылымда Шымкенттен 756 жас әскерге алынған. Ресми мәлімет бойынша, үшінші мегаполисте Отан алдындағы борышын өтеуге ниеттілер саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. "Бұл -жақсы көрсеткіш",- дейді жауаптылар.
 
Алмас ТІЛЕУХАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Шымкент қаласы бойынша барлығы 2022 жылы 1600 бала кетеді деп күтудеміз. Енді оны барлықтарыңызға белгілі шекара қызметі, қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі қатарында біздің жастар қызмет атқаратын болады.   
 
1 қыркүйектен бері шекара қызметіне қабылдау жүріп жатыр. Айта кету керек,  келер  жылдан бастап Отан алдындағы борышын өтегендерге қолдау болады. Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беріледі, сондай-ақ, әскерге кеткендердің несиесін төлеуде   жеңілдіктер қарастырылмақ.   
 
Шыңғыс МҰҚАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Жасалатын жағдай туралы бірқатар қазір бастамалар көтеріліп жатыр. Айталық мәселен әскерге барып келген соң оқу орындарына түсуге жеңілдік, болмаса толық грант беру жағы қазір қарастырылып жатыр. Осы жәйт ынталандыру шаралары меніңше алдағы уақытта сіздердің жұмыстарыңызға да бірәз көмектеседі ғой деп ойлаймын.
 
Шақыру комиссиясының төрағасы әскерге алынатын жастардың денсаулығын  тексеруге де ерекше мән берген жөн дейді.
 
А. Төребекқызы