Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Ұлы Дала жорығы» марафонының шабандоздары Ұлытауға жетті

AstanaTV
22.09.2022ж. 20:00
1742
«Ұлы Дала жорығы» марафонының шабандоздары  Ұлытауға жетті

«Ұлы Дала Жорығы» марафонының шабандоздары  Ұлытау облысына жетті. Бәйгенің алғашқы төрт күндік нәтижесі бойынша Маңғыстау облысының командасы әлі де алда келеді. Олардың жалпы уақыты – 36 сағат 52 минут. Ақтөбе облысының шабандоздары 37 сағатта екінші болып келсе, Шымкент қаласының командасы 37 сағат 14 минут көрсеткішпен үшінші болып жетті. Жарыстың 400 шақырымдық межесін еңсеру командалар үшін оңай болған жоқ. Төрт күн бұрын елордадан 19 команда аттанса, Ұлытау топырағына соның 11-і ғана  жетті.  Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Абай, Қызылорда облыстарының құрама командаларында 4 шабандоз, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарының   командаларында 3 шабандоз ғана қалды.

Асқар МҰҚАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ер жігіт бір-ақ рет сөйлейді. Шешінген судан тайынбас дейді. Жарысты бастадық па, соңына дейін барамыз. Үш шабандоз аты болдырып қалғандықтан жарыстан шығып қалды. Біздің сәйгүлігіміз жарап тұр. Ереже бойынша,   кемі 3 шабандоздан тұратын команда ғана жүлдеге таласа алады. Біз үшін ақша маңызды емес. Келесі жылы да жоба жалғасса, толық дайындықпен келеміз.

А. Задабек