Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бүгін Сирияның Тартус қаласының жағалауында 34 адам қайтыс болды

AstanaTV
23.09.2022ж. 20:30
1022
Бүгін Сирияның Тартус қаласының жағалауында 34 адам қайтыс болды

Сирияның Тартус қаласы жағалауындағы көші-қон дағдарысы 34 адамның өмірін қиды. Олар Ливаннан Еуропаға бармақшы болғандар көрінеді. Бұл оқиға еуропалық көші-қон дағдарысынан кейінгі ең қауіпті жағдайлардың бірі ретінде есте қалмақ.  Соңғы 7 жылда миллиондаған босқын кәрі құрлыққа көшті. Қазір Түркияның өзінде Таяу Шығыстан келген 3 миллион 700 мың адам тұрады. Босқындар жат елде қалай өмір сүреді? Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Бүгін Жерорта теңізінің тұңғыйығына 34 адам батып кетті. Олар да басқалар сияқты, Еуропаға жетуге тырысқан. Алайда кеме Сирияның Тартус қаласының жағасында суға кетті.  Аман қалғандардың айтуынша, қайықта барлығы 150-ден астам адам болған.  Олардың дені-ливандықтар мен сириялықтар, көбінің құжаты да жоқ.

Еуропаның қымбат жағалауларына қоныстанғандар әлі күнге дейін босқындарға арналған лагерлерде күнелтуде. Бір кездері Түркия Сириядан келген 4 миллионға жуық босқынды шекарадан өткізген еді. Басқа Еуропа елдері де паналатты.  Қазір Нидерландтың Тель-Апель қаласында 700-ге жуық мигрант далада түнеуге мәжбүр. Себебі 2000 адамға арналған лагерьде орын жетіспейді.  

МҰХАММЕД:

Көріп отырғаныңыздай, адамдар сыртта ұйықтайды. Және олар күн сайын көбейіп жатыр. Олардың кейбіреулері үшін босқын мәртебесін беру туралы өтініштер тоқтатылды. Біз қайда барамыз,  білмейміз.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, өткен жылдың өзінде 84 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.    Ал биыл әскери қақтығыстардың кесірінен  қанша адам қашып жүр? Әлі нақты есеп жоқ.  

Антонио ВИТОРИНО, БҰҰ КӨШІ-ҚОН АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біз ішкі көші-қонды көрудеміз. Сондай-ақ, босқындар Еуропа елдерінен Украинаға қайта оралуда. Алдағы уақытта үдере көшу сәл бәсеңдейді. Себебі, қыста қозғалу  қиын.  


Адамдар көбіне мұхиттың арғы жағына, Америка құрама штаттарына ұмтылады. Алайда, онда әскери қақтығыс болмағанмен, есірткі, ұйымдасқан қылмыс,зорлық-зомбылық бар.  Оның үстіне АҚШ билігі мигранттарды құшақ жая қарсы алмайды.  

Бруно РОДРИГЕС, КУБАНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біз Америка Құрама Штаттарының үкіметін заңсыз көші-қон және адамдардың өліміне ықпал ететін басқа да мәселелерді шешуге шақырамыз. АҚШ жыл сайынғы 20 000 виза беру туралы келісімін сақтамайды, ол үшін Гайанаға баруға мәжбүр етеді және экономикалық блокаданы күшейтеді.

 
Ең ауқымды көші-қон дағдарысы 2015 жылы болған.  Соңғы 7 жылда Түркияны есептемегенде, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен Еуропаға 3 миллионға жуық адам келді.  

А. Базарбай