Енді қараусыз қалған кен орындарына ғарыштық мониторингтік тексеру жүргізілуі мүмкін. "AMANAT" партиясы жанындағы Экологиялық кеңесте бүгін осындай ұсыныс айтылды. Кеңес мүшелерінің сөзінше, пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіргеннен кейін кен орындарының басым көпшілігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары ескерілмейді. Сондықтан кен орындарына мониторинг жасап, тексеріп отырған жөн деп санайды. Сондай-ақ, отырыста облыстық табиғи ресурстар басқармаларының есебі тыңдалды. Олар партияның сайлауалды уәделерін іске асыру бойынша аймақтық жол карталардың орындалуы жөнінде баяндады. Жиын соңында, кеңес орталық және жергілікті атқарушы органдарға арналған бірқатар ұсынымдар қабылдады.
Елдос АБАҚАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінде өңірлер эмиссия үшін салықтан түсетін түсімдерді 100% пайдалануға кірісті. Бұрын мұндай талап болған жоқ.Қаражат та мақсатты жұмсалмады. Бір облыста келіп түскен қаражаттың 5%-ы, өзге облыста 10% - ы табиғатты қорғау шараларына жұмсалды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыру көлемі ұлғайды. Бұдан былай әкімдіктер бұл қаражатты орынды әрі тиімді жұмсауы тиіс. Қаражат тек экологиялық мәселелерге бағытталуы керек.
Б. Сатуов