Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада үздік бариста анықталды

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
1633
Елордада үздік бариста анықталды

Астанада үздік бариста анықталды. Қалалық әкімдік пен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда жеңімпаз атанды.

Бір қарағанда баристаның жұмысы оңай боп көрінеді. Алайда алдымызға иісі аңқып, дәмі тіл үйіріп, ұйқыңды қашырып жіберетіндей күйге бөлейтін кофені дайындап әкелгенде бұл мамандардың еңбегін елемеске болмас. Соңғы кездері танымалдылыққа ие болып жатқан мамандықты елордалық Зарина Базарбай тегін таңдамаған.

Зарина БАЗАРБАЙ, ҚАТЫСУШЫ:

Жалпы осы сферада 3 жылдан жоғары, ал бариста болып 2 жыл жұмыс істеп жатырмын. Бұл мамандықта адамдарға кофе, ол кофе көңіл күй, позитив әкеледі ғой. Бұл байқауға жеңу үшін келдік. Осы байқауға 2 күн дайындалдық.


Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Халықаралық кофе күніне орайластырылған шараға елордамыздың үздік баристалары жиналды. Байқау талабы бойынша әр баристаға 10 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар эспрессо  және капучино кофесін дайындап үлгеруі тиіс.  Үлгермей жатқандар бар ма?


Нұрсұлтан КАУКЕРБЕК, ӘДІЛҚАЗЫ МҮШЕСІ:

Үлгермей жатқандар көп. Өйткені ең бірінші помолды настроить ету керек. Одан кейін екінші кофемашинкаға салу керек. Суретіне қараймыз. Жылдам, әдемі әрі дәмді болуы керек.


Алғаш рет өтіп жатқан байқаудың маңызы зор. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат осы салада жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсетіп, ынталандыру әрі кәсіби шеберлікті арттыру.

Әлфараби АЙМАҚ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бүгін 17 адам қатысып отыр. Бас жүлде бірінші орынға 350 мың беріледі. Оған қоса 3 номинация болады. Ең жас бариста, ең сапалы соған байланысты беріледі.


Бұған дейін елордада «Үздік шиномонтаж» байқауы өтті. Алдағы уақытта сондай-ақ «Үздік жүк көтеруші» мен «Үздік сантехник» байқаулары ұйымдастырылмақ.

Қ. Мерей