$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«AMANAT» партиясы жанындағы агроөнеркәсіптік комитеттің отырысы өтті

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
1454
«AMANAT» партиясы жанындағы агроөнеркәсіптік комитеттің отырысы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитет отырысында аграрлық секторды субсидиялау, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі саладағы субсидиялардың тиімділігін арттыру үшін алушыларға бірқатар міндеттемелер енгізу керек – дейді. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді 2025 жылға дейін дамыту жұмысы жолға қойылғанын атап өтті. Осыған байланысты ұлттық жоба шеңберінде ауыл тұрғындарын несиелендіру   көзделіп отыр. Яғни,  2023 жылдан бастап жыл сайын 7500 шағын несие беріліп, 30 млрд теңге көлемінде қаржыландыру жоспарланған.

А. Задабек