$498.55 €524.28 ₽4.75
×

134 миллион теңге пара алған оралдық шенеунік 11 жылға сотталды

AstanaTV
28.09.2022ж. 20:00
859
134 миллион теңге пара алған оралдық шенеунік 11 жылға сотталды

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын сауын сиырға айналдырған оралдық шенеунік 11 жылға сотталды. Ол мердігерден 134 миллион теңге пара алыпты. Сот материалдарынан мәлім болғандай, Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев бір серіктестіктің басшысынан 170 миллион теңге беруін талап еткен. Бұл аздай, құны 40 миллион теңге тұратын су жаңа трактор әперуін сұраған. Осылайша қаланың бас құрылысшысы өз сыбайласымен бірге 134 миллион теңгені қалтаға басады. Бұдан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынатын көпқабатты екі тұрғын үйдің құжаттарына еш кедергісіз қол қойып беріпті. Бұл үйлерді салуға мемлекеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бірақ сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Асыланбек ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Арман Өксікбаевты аса ірі көлемде пара алуға оқталғаны үшін айыпты деп танып, 11 жылға үкім кесті. Ол мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан да өмір бойына айырылды.

Шенеунікпен бірге оның сыбайласы, құрылыс компаниясының жүргізушісі  8 жылға сотталды. Ол екі ортада делдалдық қызмет атқарған. Ал сотталушылардың туыстары сот үкімімен келіспейтінін, олардың еш жазығы жоқ екенін айтады.

СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Баламды не үшін соттап жатыр? Түк те жазығы жоқ! Көк тиын алған адам емес! Оның телефонмен сөйлескені жазылып алынса да, ақша сұрағаны да дәлелденбеді. Ешқандай дәлел жоқ. Бірақ мұны сот ескермеді.

Е. Карин