$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Мәжіліс төрағасы дайындықсыз келген министрлік өкілдеріне ескерту жасады

AstanaTV
28.09.2022ж. 20:00
938
Мәжіліс төрағасы дайындықсыз келген министрлік өкілдеріне ескерту жасады

Соңғы үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны екі жарым есе артқан.  Биылдың өзінде 30 мың наркозертхана анықталған. Бұл-алаңдатарлық мәселе. Мәжілісте депутаттар жастарға қатысты   осы және өзге де проблемаларды талқылады. Ал бұған жауаптылардың жауабы қандай? Толығырақ тілшіміз Әсел Дүкембаева тарқатады.

Депутаттарды жастарға қатысты біраз мәселе алаңдатады. Көбінде жұмыс жоқ, нашақорлық белең алып барады. 3 жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны 2,5 есе өскен.  

Ғалымжан ЕЛЕУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Синтетикалық есірткілер жасөспірімдер үшін арзан, және оңай қол жеткізуге болады. Осыған байланысты менің сұрағым, синтетикалық және басқа да есірткілер мен байланысын анықтау, және олардың жолын кесу үшін қандай тетіктер пайдаланасыздар?

Депутаттың бұл сауалына Ішкі Істер Министрлігінің өкілі жауап берді. Оның айтуынша, 2019 жылдан бері есірткі тасымалдаушыларға қатаң жаза белгіленген. Яғни, оларды 7 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі күнге 30 ға жуық нарколаборатория дейміз, зертханасын анықтап, притондарын анықтап,  105 кг нан астам, синтетика тәркіленді. Оның бағасын алсақ 2,5 млрд теңгеден асып кетеді. Былай дозасымен 2000 дозасын тәркілеп отырмыз.

Депутаттар жастар арасындағы ерте жүктілік мәселесін де қозғады. Бұл да- қазіргі қоғамның жан ауыртар дерті.

Лариса ПАВЛОВЕЦ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Қазақстанда жыл сайын жасөспірімдердің жүктілігі мен тағдырдың жазуына тасталған сәбилердің мыңдаған жағдайлары тіркеледі. Жаңа функция жастардың мінез-құлқына қалай әсер етеді?


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, бұл мәселеге көп көңіл бөлінетінін айтты.  Оның сөзінше, бұл тұрғыдағы жұмыстарды Жастар денсаулық орталықтары атқаруда. Қазір елімізде  осындай 166 орталық бар.

Вячеслав ДУДНИК, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Егер жасөспірімдердің жүктілігі түсік жасатумен аяқталса, онда болашақта бұл әйел балалы бола алмауы мүмкін. Және жасанды ұрықтандыруға жүгінеді. Сондықтан бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар бұйрықтар дайындады. Бұл Жастар денсаулық орталықтарының жұмысын жақсартуға бағытталған. Бірақ егер жүктілік болса, онда бұл туралы ата-аналарға хабарланады және ата-аналармен бірге қосымша шешімдер қабылданады.

Отырыс кезінде кейбір министрліктің өкілдері депутаттардың сауалына толық жауап бере алмады. Мәжіліс төрағасы дайындықсыз келген оларға ескерту жасады

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дайындалып келу керек, пленарлық отырысқа, қолдарыңызға жазып берген қол астындағы адамдардың оқудың бұл жерде қажет емес. Осының барлығы жұмыс тобында талқыланды осы сұрақтардың барлығы комитеттің отырысында талқыланды. Енді мына жерге келгенде оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек қой.

Бүгін депутаттар  Мемлекет басшысының биыл 11-қаңтарда Парламент Мәжілісінде айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға қатысты құжатты мақұлдады. Президенттің  тапсырмаларын іске асыру үшін 5 кодекс пен 17 заңға өзгеріс енгізіледі.

Ә. Дүкембаева