Президенттік сайлау алдында Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған оқыту курстары басталды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-ке жуық журналист жиналған. Төртінші билік өкілдері 3 күн бойы маңызды саяси науқан жайлы заңнама аясында дұрыс ақпарат тарату жайын үйренбек. Іс-шараны Орталық сайлау комиссиясы мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралды оқыту орталығы бірлесіп ұйымдастырған. Оқыту сондай-ақ онлайн форматта жүргізілуде.
Жанар МҰҚАНОВА, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Республикамыздан газет, телеканалдардан өкілдері келіп, қатысып жатыр. Саяси науқан қалай өтеді, оның кезеңдері яғни БАҚ-ның сайлау процессінде атқаратын рөлі, маңызы тек қана сайлау қалай өтеді деп халыққа жария ету ғана емес, сонымен қатар әртүрлі үгіт-насихаттау жұмыстарына қатысу.
Қ. Мерей