$498.51 €522.84 ₽4.81
×

4000-нан астам бастауыш партия ұйымының мүшелері жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылауда

AstanaTV
28.09.2022ж. 20:00
2364
4000-нан астам бастауыш партия ұйымының мүшелері жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылауда

Аманаттықтар  жаңа саяси тұғырнама жобасын талқылауда.  4000-нан астам бастауыш партия ұйымының мүшелері жаңа жобаның мүмкіндіктері мен артықшылығын айтып, пікір алмасты. Сондай-ақ, партияның аумақтық филиалдарының конференцияларына қатысу үшін делегаттар сайланды.

Жаңа тұғырнаманың мақсаты, міндеті неде? Бұл 4000-нан астам бастауыш партия ұйымының жиналыстарында жан-жақты талқыланды. Алматыдағы №4-ші қалалық перзентхананың акушері Тамара Хван  отбасының әл-ауқаты мен ұлт саулығы сынды бағыттардың маңыздылығын атап өтті.

Тамара ХВАН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ДЕНСАУЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұның бәрі халық игілігі үшін жасалып жатыр. Пункттерге назар аударсақ, әлеуметтік те, экономикалық та, экологиялық та мәселелер қарастырылған. Партиялықтар өздерінің бағдарламалық құжаттары мен бастамаларында денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру мәселесін үнемі назарға алып отырады.


Ал бас дәрігер Зияда Донбаева жаңа тұғырнамада барлық сала қамтылғанын, ол алдағы уақытта   үлкен өзгерістер әкелетінін айтады.

Зияда ДОНБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ДЕНСАУЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢТӨРАҒАСЫ:


Болашақ ұрпақтарымыздың өмірі жарқын болады деп ойлаймыз. Бүкіл сала қамтылғаннан кейін бұл мемлекетіміздің дамуына, тәуелсіздігімізге, барлық жағынан оң нәтижемен әсер етеді. Соған біз үлкен сенім артамыз.

Қарағандыдағы бастауыш партия ұйымының мүшелері жаңа тұғырнама – заманауи талаптарға жауап беретін партияның басты идеологиялық құжаты деп санайды.  Алтай Айғанов саяси тұғырнаманың үш бөлімнен тұратынын және әр бөлім өз міндетін атқаруда жұмыс істеп жатқанын айтты.

Алтай АЙҒАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ӨРЛЕУ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әрбір бөлім өзінің міндетін атқаруға үлкен талпыныс жасап, қоғам мен мемлекеттің арасындағы алтын көпірді жалғастырмақшы. Бұл нағыз демократиялық жолға жетелейтін ой-пікірлердің, саясаттың жақсы бетбұрыстарының бірі деп ойлаймын.

Елена ЧЕРНАЯ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жаңа тұғырнама болашақтағы бағыт пен даму бағдарларын, қағидаларын қамтиды. Сонымен қатар, бізді Әділетті Қазақстанды құруға тағы бір қадам жақындатады.

Ал Тараз қаласында өткен конференцияда жаңа тұғырнаманың негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатына бағытталғандығы туралы сөз етілді.

Мұрат БЕРДАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БӘЙТЕРЕК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Саяси тұғырнамада басты байлық – денсаулық туралы қамтылған, әлеуметтік тепе-теңдік туралы айтылады және мемлекетіміз туралы. Әрине, басы біздің Тәуелсіздіктен басталады.


Бастауыш партия ұйымы жиындарының қорытындысы бойынша партияның аумақтық филиалдарының конференцияларына қатысу үшін делегаттар сайланды.  6 қазанда Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтеді.  Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

А. Серік