$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Елордалық дарынды балаларға жол жүру билеттері табысталды

AstanaTV
28.09.2022ж. 20:00
789
Елордалық дарынды балаларға жол жүру билеттері табысталды

Бүгін елордалық талантты жастарға жол жүру гранттары табысталды. "Жол жүру" бағдарламасы грант иегерінің бірі - 15 жастағы каратэші Расул Боқанов. Оған қараша айында  Жапонияда каратэден өтетін ашық чемпионатына қатысу үшін грант табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның барлық қызметі үшін 87 жол жүру гранты және 20 білім гранты берілген. Олар әлемнің 20-дан астам елінде болып, 40-қа жуық жүлделі орынға ие болған.

Расул БОҚАНОВ, ГРАНТ ИЕГЕРІ:

Мен өте қуаныштымын, Менің сіздерге алғысым шексіз.  Үміттеріңізді міндетті түрде ақтауға тырысамын.

Динара ГАПЛАН,"БОЛАШАҚ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бұл –бизнес пен қайырымдылық ұйымының сәтті әрі жүйелі әріптестігінің мысалы, компания жеке бір адамға қайырымдылыққа қатысуға мүмкіндік беретін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі. Билет сатып алатын әр адам 200 теңгеден бастап кез келген соманы қайырымдылыққа сала алады. Осылайша біз бірге  ондаған дарындарға халықаралық турнирлерге қатысу үшін бақытты билеттер сыйлыққа тартамыз.

Ә. Дүкембаева