Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда 15 жастағы жасөспірім тұрғын үйдің 18-ші қабатынан секіріп кетті

AstanaTV
29.09.2022ж. 20:00
1471
Алматыда 15 жастағы жасөспірім тұрғын үйдің 18-ші қабатынан секіріп кетті

Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-ші қабаттан секіріп кетті. Куәгерлердің айтуынша, жеткіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы кикілжің түрткі болуы мүмкін. Жантүршігерлік оқиға Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің бірінде болды. Баланың мәйітін тұрғындар таңертең ғана көрген. Сол бойда полиция және жедел-жәрдем қызметіне хабарласқан.

Айман МАЙЛЫБАЕВА, ТҰРҒЫН ҮЙ КҮЗЕТШІСІ:
      
Секіргенін біз таңертең ғана білдік полицейскийлер келгенде. Көп машиналар келді, скорый келді. Балконда ізі тұр, өзінің секіргенінің. Қасында сестрасы тұрады екен. Ол ештеңе білмейді, «мен ұйықтап жатқанмын»,- дейді.

Бұл  фактіге қатысты «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу жұмыстарының барысында анықталмақ.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚК –тің 105 бабы бойынша бірыңғай соталды реестрінде тіркеліп, қазіргі таңда ресми тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

М. Жақан