Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Желіде "Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр" деген жалған ақпарат тарады

AstanaTV
29.09.2022ж. 20:00
1298
Желіде "Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр" деген жалған ақпарат тарады

«Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр». Жұрт әлеуметтік желіде  осылай деп даурығуда.  Техника тиелген вагондардың видеосы тарады.  Бұған қатысты  Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Ақпараттың жалған екенін айтты.  Қазір Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

Марина САХАРОВА, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келу үстінде. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандық техниканың Ресейге жіберілуі туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесеттер шындыққа жанаспайды. Азаматтарды тек ресми  ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.