Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдады

AstanaTV
29.09.2022ж. 20:00
797
Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдады

Елімізде "Мектептегі шахмат" жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдау кезінде  айтты. Елімізде шахмат спортымен 200 мыңнан аса адам айналысады. Оларды кәсіби дайындықтан өткізетін 7 мың секция жұмыс істейді. Алдағы уақытта осы секцияны екі есе арттыру қажет.  

Аркадий ДВОРКОВИЧ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз Қасым-Жомарт Тоқаевпен Қазақстан мен ФИДЕ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмастық. Қазақстанда шахмат спорты жақсы танымал. Сол үшін Президентке ризашылығымды білдіргім келеді. Мен ФИДЕ шахматын мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибені бөлісуге дайынмын.

Аркадий Дворкович Астанада  әлемнің ең мықты 12 шахматшысы бас қосқан ауқымды турнир өтіп жатқанына қуанышты екенін де  жеткізді. Өйткені, мұндай іс-шара елдегі шахмат спортының дамуына серпін береді – дейді. Ол елде спорттың бұл түрі бойынша әлемде топ жарып жүрген жеткіншектердің көп екенін айтып, оларға қолдау көрсету керек екенін айтты.

Қазыбек НӨГЕРБЕК, ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

Осы жылы Әлем чемпионатына қатысқанмын, 2-орын алдым. Және тез ойындарда әлем чемпионы болғанмын. Ол  арпит пен близ. Мен қазір әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Ол 20 жасқа дейін, Италия қаласында болады.

А. Задабек