$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезең өтті

AstanaTV
29.09.2022ж. 20:00
1510
Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезең өтті

Тәрбие төркіні-отбасы. Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өтті. Өңірдегі өнегелі әулеттер арасынан Шәріповтер оза шықты. Олар енді республикалық кезеңде бақ сынайды.

Ұлттық конкурс Қостанай облысында сегізінші рет ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында  аймақтағы сегіз жүзден астам үлгілі отбасы байқауға қатысқан. Бұл жолы ауылдық, аудандық іріктеуден  20 отбасы озып шықты. Облыстық  кезеңге өткендерге ақшалай жүлде табысталды.

Абылайхан КӘКЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең бастысы ол отбасы мүшелерінің саны деуге болады.  Одан кейін жеке отбасы мүшелерінің жетістіктері. Жалпы жетістіктері. Бейімбет Майлин ауданынан мысалы теміржол қызметкерелрі қатысты. Жалпы олардың жұмыс өтілі 250 жылға дейін  созылып жатыр. Міне осындай критерийлер арқылы комиссия мүшелері өз шешімдерін қабылдады.

Отыз жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген Сәләми Ғазезұлының отбасы да биыл байқауға қатысуға бел буған. Өнегелі ата-ананың жеті баласы да өнерлі, талантты,талапты.

Лиза ОҚАНҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Бала тәрбиесіне байланысты жаңағы жан-жақты өнерлі, өнегелі болған отбасыны мерейлі отбасы деп санаймын. Өзім жаңағы балаларым да, шығармашылыққа, музыка, ән жағына жақсы.
 
Бұл байқауға қатысқан  әулеттің әрқайсысы жеңіске лайықты.Дегенмен 20 отбасының ішінен Шәріповтер  шаңырағы оза шықты. Қарасу ауданында тұратын интернационалдық отбасы енді республикалық кезеңде бақ сынайды.

З. Санай