Елімізде тұмаудың үш түрі тарайды. Дәрігерлер дабыл қағуда. Жұқпалы аурудың былтыр екі штаммы анықталса, биыл жағдай сәл басқаша болмақ. Сондықтан мамандар оған қарсы екпе алуға ұсыныс жасап отыр. Аурушаңдың қараша айында өседі деген болжам бар. Елімізде тұмаудан басқа да вирустар анықталған. Өткен маусымда 10 мыңнан астам үлгі зерттеліп, олардан риновирус, аденовирустық инфекция, парагрипп, бокавирустық инфекция табылды. Қазір елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны -1 млн 393 557. Емделіп шыққандар-1 млн 378 мың 530. Ал қазір 1 337 адам COVID-19 инфекциясымен ауырып жатыр. Соңғы тәулікте 89 адам қауіпті індетті жұқтырған.
Мейірім СҰЛТАНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Алдағы эпидемиялық маусымда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша айналымды 3 түрлі вирус болуы мүмкін. А және В вирусының түрлері. Вакциналар ақылы және ақысыз түрле жүргізіледі.