$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қосшының шетіндегі шағын ауданның мәселесі шаш етектен

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
1641
Қосшының шетіндегі шағын ауданның мәселесі шаш етектен

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы 20-сынша шағын ауданның мәселесі шаш етектен. Асфальт жоқ, ауыз су мәселесі де өзекті. Тұрғындар базынасын айтып, бірнеше рет жергілікті әкімдікке барған, бірақ мәселе шешілер емес дейді.

Қала мәртебесін алған Қосшыда инфрақұрылым мәселесі дұрыс жолға қойылған. Шеткі шағын ауданда бұл мәселе ақсап тұр. Тіршілік нәріне қол жеткізе алмай, жол азабын тартып жүр. Бірде-бір көшеге асфальт төселмеген.  

Үсенхан ТАСҚАРАЕВ, ТІЛШІ:

«Жол азабын жүрген біледі» демекші, мен қазір жүріпте, жол азабын көріпте келе жатырмын. Себебі, мынадай ойлы-қырлы жолдар көлік түгілі, адамды шаршатады. Осындай проблеманы жергілікті тұрғындар бірнеше рет көтергенімен әкімдіктен ешбір қайран жоқ екен.

Алдаберген БАЙҒАРАЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ 20-ШАҒЫН АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шағын ауданымызда 300-дей үй бар. Мыңдаған халық бар. Асфальт жолымыз жоқ. Әсіресе қыста қиын. Бағаналардың жарығы жоқ. Свет жанбайды. Осы проблемаларды 3 рет барып, әкімшілікке айттым.


Илия МАШАНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ 20-ШАҒЫН АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қыста жол батпақ болып екі аяғымызға пакет киіп аламыз. Трасса бізден алыс. Бала-шағамызбан қиналамыз. Коляскамыз жүрмейді. 303 автобус біз жаққа жүрсе екен. Мен өзім екі қабатпын. Больница шетте. Жолдарды істеп автобус жүргізсе екен.


Мәселенің мән-жайын білу үшін Қосшы қаласының әкімдігіне бардық. Әкіммен кездесіп, тұрғындардың мәселесін жеткіздік. Сұрақтарымызға жауап беруге бар-жоғы 5 минут уақытын бөлген шенеуніктің жауабы да қысқа болды. Бюджетте қаражат жоқ деді.

Гайдар ҚАСЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

20 шағын аудан тұрғындары бізге келді. Мәселелерін көтерді. Бірақ, уақыт керек. Өйткені, жобаны дайындау керек. Оған қаражат керек. Қаражат сұраймыз.

Қосшыдағы 20-шағын ауданында, асфальт түгілі көшелердің атаулары да жоқ болып шықты. Тіпті, тазалықтан жұрдай, көше бойында шашылған қоқыстан көз сүренеді.