Қызылорда облысы Шиелі ауданының екі елдімекеніндегі мектептердің шатырын жел ұшырып кеткен. Қазір онда 700-ге жуық бала оқып жатыр. Жергілікті билік мәселені шешуге тырысып жатыр. Аудандық білім бөлімінің ақпаратынша, бүгін-ертең құрылыс жұмыстары басталады. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтты. Оқушылар онлайн форматқа ауыстырылуы да мүмкін. Төбе жабындыларын қайта қалпына келтіру жұмыстарына төтенше жағдай есебінен қаржы бөлінген.
Қанат ӘМЗЕ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Облыстық резертен 25 млн.500 мың теңге көлемінде 251 мектептің шатырын қалпына келтіруге және 9 млн. 800 мың теңге 155 мектептің шатырын қалпына келтіруге қаражат бөлінді. 2 аптаның ішінде аяқталу көзделіп отыр. Жобалық сметалық құжаттама жасау белгелі бір мерзімді қажет етті. Және сонымен қатыр. Мердігерді анықтау. Осы 2 мәселеге байланысты уақыт қажет болды.
М. Тоқтасынқызы