Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Президентікке үміткер қатары толықты

AstanaTV
03.10.2022ж. 20:00
1360
Президентікке үміткер қатары толықты

Президентікке тағы бір үміткер ұсынылды. 61 жастағы Павлодарлық Мейрам Қажыкен, "Аманат" кәсіподақтар достастығы" атынан кандидат ретінде ұсынылды. Бұған дейін, алғашқылардың бірі болып "Ауыл" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары өз үміткерлерін ұсынған болатын. Сондай-ақ, Польшалық әйел де сайлауға түсуге ниетті екенін білдірген. Тіпті ол орталық сайлау комиссиясына бірнеше мәрте жүгінген. Десе де, оған ортақ талаптарға сай келмейтінін түсіндірілген. Еске сала кетейік,  ел Президенті болу үшін, тумысынан Республика азаматы болу шарт. Қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар азамат қана Президентікке үміткер бола алады.

Ә. Дүкембаева