Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстан спортшысы аударыспақтан өткен 2-ші Азия чемпионатында алтын медаль ұтып алды

AstanaTV
21.07.2016ж. 20:00
1989
Қазақстан спортшысы аударыспақтан өткен 2-ші Азия чемпионатында алтын медаль ұтып алды

Қазақстандық спортшы Ермек Жәпішев 70 келі салмақта аударыспақтан өткен жарыста жеңімпаз атанды. Қытайда ұлттық спорт түрлерінен 2-ші Азия ойындары өткен болатын. Алтын медаль иегерін өскемендіктер қарсы алды.

Ойын кезінде Қытай тарапы спортшыға өз жылқысын ұсынған. Ермектің айтуынша, 2 апта ішінде аттың тілін тауып, оның ебін байқау ең қиыны болыпты. Бірақ соған қарамастан, қазақстандық спортшы Қырғызстан мен Түркиядан барған қарсыластарын, тіпті бұрынғы чемпион Монғолия спортшысын да алып жыққан. 

Ермек Жәпішев, аударыспақ ұлттық ойынынан азиялық чемпионат жеңімпазы:

Әдістерін жақсы меңгерген. Бірінші Азиядан қарағанда жақсы дайындалған. Жаттығулар жүргізгені көрініп тұр. Алда жоспарланған жарыстар - Қырғызстанда жарыс өтеді, бұйырса, соған барамыз.