Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайдағы қару дүкенінде болған дүмпудің себебі белгілі болды

AstanaTV
04.10.2022ж. 20:00
1015
Қостанайдағы қару дүкенінде болған дүмпудің себебі белгілі болды

Оқ-дәріні тасымалдау ережесін ескерілмеген. Осының салдарынан жарылыс болып, арты алапат өртке ұласты. Бас прокуратура Қостанайдағы қару сататын дүкенде болған төтенше оқиғаға қатысты осындай қорытынды жасады. Еске салайық, дүкендегі өрт салдарынан 11 адам зардап шегіп, тағы 4 жұмысшы көз жұмды. Жарылыстың салдарынан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлерге де зақым келді. Құзырлы органның мәліметінше, дүкен иесінде оқ-дәрі сатуға рұқсат болған. Кәсіпкер Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 келі оқ-дәріні сату мақсатында алған. Алайда ауа температурасы 36 градус ыстықта оны тасымалдау ережесі сақталмаған. Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануынан болды деген қорытынды шығарып отыр. Тергеу барысында кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықталмақ. Қостанайда қазір жалғыз қару сататын дүкен бар. Мараторийге байланысты нысандағы өрт қауіпсіздігін төтенше жағдай маманары тексере алмайтындарын жеткізді.

З. Санай