Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Аманаттықтардың қазандағы съезден күтері көп

AstanaTV
04.10.2022ж. 20:00
1247
Аманаттықтардың қазандағы съезден күтері көп

Amanat-тықтар алдағы съезде қаралатын жаңа тұғырнама, саяси диологты нығайтуға серпін беретініні сенімді. Партиясының кезектен тыс съезіне сайланған делегаттар осылай дейді. Олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын бұл жиын, қордаланған мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Наурыз айынан бастап іске қосылған партияның саяси тұғырнамасы,  әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған. Тұғырнама аясында 3 ай бойы өңір азаматтардың ұсынысы тыңдалды. «AMANAT» мүшелері айтылған ұсыныстарды ескере отырып, ұзақ мерзімді құжат әзірлемек. Бұл - партияның халық үніне құлақ асатынын дәлелдейді – дейді.

Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Съезден үлкен үміт күтеміз. Яғни, бұл съезде қаралатын мәселе саяси тұғырнама бекітіледі. Саяси тұғырнама осы биылдың ішінде 3-4 ай төңірегінде барлық өңірлерден, соның ішінде бастауыш партия ұйымдары қоғамдық орындардың барлығынан ұсыныстар жинақталып, сол ұсыныстардың ішінде сараланып, саяси тұғырнамасы бекітіледі деп есептеймін.

«AMANAT» партиясының Съезіне Алматы қаласынан 40 делегат қатысады. Солардың бірі – мәслихат депутаты, кәсіпкер Сана Жандай. Депутат тұрғындар үшін партияның жаңа саяси тұғырнамасының маңызы зор екенін айтты. Себебі, бұл құжат – халық игілігі үшін жасалуда деді.

Сана ЖАНДАЙ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл ауқымды республикалық съез болмақ. Онда біз өзекті мәселелерді қаузаймыз. Мен өзім үшін жаңа білім мен жағымды эмоциялар алып қайтамын деп үміттенемін. Бұл барша делегаттар үшін жаңа тәжірибе, жаңа серпіліс!

Жетісу облысынан сайланған  делегат та съезд отырысынан кейін көп мәселе шешімін табатынына сенімді.  Партия белсендісі қазандағы кеңесте халықтың ұсыныстары тыңдалып, ел азаматтарының жағдайын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылданатынын айтты.
 
Ризван САКИОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Съезде үлкен өзгерістер болады деп күтудеміз. Біздің «AMANAT» партиясының ең алғашқы мақсаты – халықтың үніне құлақ асып, талабын бұлжытпай іске асыратын партияның болуы. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың жақсаруы және мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтау.

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі алдағы бейсенбіде Астана қаласында өтеді. Кеңеске өңірлерден 700 делегат сайланған. Қазір партияның Орталық аппараты дайындық жұмыстарын жүргізуде.
 
А. Задабек