Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылордалық тұрғын тапа-тал түсте танысын атып кетті

AstanaTV
06.10.2022ж. 20:00
1381
Қызылордалық тұрғын тапа-тал түсте танысын атып кетті

Қызылорда қаласының тұрғыны тапа-тал түсте көшеде танысын атып кетті. Оқиға қаланың сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің алдында болған. Күдікті – 56 жастағы азамат. Ол атыс қаруымен 43 жастағы әйелді жарақаттап, қашып кеткен. Бірақ жедел іздестіру барысында көп ұзамай қолға түсті. Айғақ заттар тәркіленді.

Рақымжан СҰЛТАНҚҰЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне ҚК-тің 14-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оқ жәбірленушінің сол жақ жамбасына тиген. Ішкі мүшелері зақымданған. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.

М. Тоқтасынқызы