Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақжолдықтар жасырын дауыс беру арқылы Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдады

AstanaTV
06.10.2022ж. 20:00
1526
Ақжолдықтар жасырын дауыс беру арқылы Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдады

«Ақ жол» партиясы алдағы өтетін саяси науқанға ұсынатын үміткерді жасырын дауыс беру арқылы таңдады. Басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаған. Бұл саяси шешім Партияның кезектен тыс 19-съезінде қабылданды. Партия өз кандидаттарын ұсынған. Олардың қатарында мәжілісмен, облыстық мәслихат депутаты және журналист болды. Сондай-ақ, қазіргі Мемлекет басшысын қолдау үшін коалицияға дауыс беру ұсынылды. Дегенмен, дәл осы тармақты ақжолдықтардың көпшілігі жасырын дауыс беру арқылы таңдады.

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AQ JOL» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдерге түрлі пікір айтылса да, олардың көпшілігі нарықтық экономикаға арналған, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға, жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни бұл ұсыныстар негізінен «Ақ жол» партиясының көзқарасына жақын.

Т. Әлжанов