Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атыраудағы қыздарға арналған жеке мектепке айыппұл салынды

AstanaTV
07.10.2022ж. 20:00
2699
Атыраудағы қыздарға арналған жеке мектепке айыппұл салынды

Атырауда қыздарға арналған жеке мектептің арнайы лицензиясы жоқ. Жергілікті сот осыны негізге ала отырып, білім ошағына айыппұл салды. Қазақ Ұлттық қыздар мектебі биылғы қыркүйекте ашылған. Мұнда қазір 101 қыз білім алады. Әлеуметтік желіде бұл оқу орнының «салафиттік бағытта» екені айтылып, балаларын мектеп жанында күтіп тұрған хиджаптағы ата-аналардың видеосы тарады. Дегенмен, мектеп директоры бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқушы формасы қатаң сақталатынын хабарлады. Осы жағдайдан соң іле-шала білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеріс жүргізіп, қорытындысын сотқа жолдаған. Сот 53 мың теңге айыппұл салды. Бірақ мектеп жұмысын тоқтатқан жоқ.

Анар АЙТЖАНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

2022 жылдың 18 маусымында мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлға ретінде тіркелгенімен, алайда осы күнге дейін білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алмағаны анықталды. Қазақ Ұлттық қыздар мектебі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік бұзушылық жасады деп жауаптылыққа тартылып, әкімшілік жаза ретінде 53 мың 603 теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда сот қаулысы күшіне енген жоқ.

Б. Надірқызы