Астанадағы Көктал тұрғын алабында жаңа мешіт ашылды. 600 адамға арналған ғимараттың қабырғасы, экологиялық таза жылусақтағыш құрылыс материалдарынан тұрғызылған. Ал ішкі бөлмелері ерекше стильде өрнектеліпті.
Қасиетті жұмада елорда іргесінде мешіт ашылды. Бұл мешітті көпшілік көптен күтті дейді. Жаңа мешіт жұма намазында Республиканың бас мүфтияты мен қала әкімдігінің өкілдері қатысты.
Талғат ЕРҒАЛИЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Ауылдың тұрғындары, ақсақалдары осыдан 15 жыл бұрын осы имандылық үйін жасау қажеттілігі туындаған болатын. Мінекей бүгін Алланың ризашылығымен, Алланың қолдауымен берілгелі отыр.
Аталмыш мешітті Қазақстанның құрметті сәулетшісі Төлеген Чиреев ерекше замануи стильде безендірген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ғимараттың басты ерекшелігі - ислам стилінде безендірілген ою-өрнектері. Мұндай өрнектер басқа мешіттерде қолданылмаған.
Есет БАЙКЕН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біріншіден, осы мешіт ел азаматтарының, мердігерлердің, жанашырлардың қаржысына салынған. Көптен бері қала әкімінің, көптеген кездесулерде, халық осы мәселені көтеріп жүрген болатын.
Енді Көктал тұрғын үй алабында бой көтерген алғашқы мешіт елорда тұрғындарына қызмет етеді. 50 мың тұрғыны бар Көкталда бұрын соңды құлшылық ету орны мүлдем болмаған.
Ә. Дүкембаева