Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Н. Әуеспаев пен Қ.Әбден қазақ тілінен емтихан тапсырды

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
1426
Н. Әуеспаев пен Қ.Әбден қазақ тілінен емтихан тапсырды

Бүгін Президентікке үміткер Нұрлан Әуеспаев пен Қарақат Әбденнің мемлекеттік тілді білуін анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия кандидаттардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін үш бағыт бойынша анықтады. Үміткерлер шығарма жазған, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқып, өзі таңдаған тақырыпта көпшілік алдында сөз сөйлеген. Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия кандидат Нұрлан Әуеспаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен бірауыздан шешім қабылдады.

 Ғарифолла ЕСІМ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:

«Түркістан – ер түріктің бесігі» ауызша үзіндіден Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романынан үзінді оқыды. Үшінші халық алдында сөйлеу, «Ана тілім – асыл қазынам» . Осы үш мәселе бойынша комиссия мүшелері толығымен тыңдадық. Мына Нұрлан Әуеспаев қазақ тілін жетік меңгерген деген шешімге келдік. Осыүш мәселе бойынша біз мынандай шешімге келдік. Шешім бірауыздан қабылдады.

Қарақат Әбден де қазақ тілін жақсы біледі. Тек біршама қателік болды дейді комиссия мүшелері.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:

Қарақат Жақсылыққызды мысалы грамматикалық бар, стилистік бар, жалпы 7 қате жіберген. 8 қатеге дейін жалпы қанағаттанарлық болып есептеледі жазбаша жұмысында, ол да анықталды. Және соған байланысты комиссия қорытындысын шығарды.

Ә. Дүкембаева