Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясы ШҚО «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын тексерді

AstanaTV
22.07.2016ж. 20:00
2408
«Нұр Отан» партиясы ШҚО «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын тексерді

«Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының депутаттары өңірлерде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар құрылысын тексеріп жүр. Мәселен, Өскеменде тамыздың 15-сінде бірнеше көп қабатты үй қолданысқа берілмек. Бүгін мәжіліс депутаты Павел Казанцев саяси ұйымның қалалық филиалының партиялық бақылау өкілдерімен бірге атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Баспаналар әзір, ыңғайлы. Құрылысшылардың айтуынша, проблемалар болған. Дәлірек айтсақ, жобалаушылар суды тартуда геологиялық есептен жаңылған. Алайда, қазір олқылықтар жойылыпты. Енді пәтерлерге тұсқағаздар жапсыру, есік және сантехниканы орнату жұмысы ғана қалған.

«38 рабочих 90 квартир, разделим на 38, получается по 1 рабочему на 2 квартиры, это реально? -Успеете? -Успеем, мы успеем».

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Сессия аяқталар алдында ғана «Нұр Отан» фракциясының отырысы болды. Жиынға партия көшбасшысы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әр нысанға қатысты нақты іс-шаралар қажеттігін айтты. Алдымен, қолжетімді ақпарат, екінші, жобадан кеткен кемшіліктерді анықтау және сосын нысанды уақытында тапсыру. Өйткені бұл Президенттің бағдарламасы болып табылады.

Сондай-ақ, нұротандықтар бағдарламаның алғашқы кезеңі еңбек қолы шоғырланған өңірлерден Риддер шаһарына мамандарды көшіру ісінің қорытындысымен танысуды көздеген. Қазірде бұл моноқалада дәрігерлер мен мұғалімдер тапшы. Сондықтан жағдайды зерттеген халық қалаулылары алдағы күзде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға арналған баспана құрылысының басталатындығын айтты.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ