Қазір Украинада Қазақстанның қанша азаматы бар екені белгісіз. Нақты ақпаратты қазір сыртқы істер министрлігі анықтап жатыр. Соңғы оқиғаға байланысты көрсеткіш өзгерген. Алғашқы эвакуация кезінде көпшілігі елден кеткен. Бірақ қайта барғандары бар. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Ал Украинадағы Қазақстанның елшігі әзірге қызметтерін жалғастырады. Дипломаттар тек эвакуациялануы мүмкін.
Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазір мәселе елшілікті жабу туралы емес, мәселе елшілік қызметкерлерін эвакуациялау туралы болып отыр. Бұл мәселе жақын күндері шешіледі. Толық эвакуация болуы әбден мүмкін.
Т. Әлжанов