$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нанның қымбаттауына қатысты ауыл шаруашылығы министрі жауап берді

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
939
Нанның қымбаттауына қатысты ауыл шаруашылығы министрі жауап берді

Елімізде нанның қымбаттауына байланысты ауыл шаруашылығы министрі жауап берді. Оның айтуынша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» мен Ауыл шаруашылығы министрлігі қаңтардан қыркүйекке дейін арзандатылған астық тоннасын 90 мың теңгеден жеткізген. Ал қазаннан бастап жылдың соңына дейін өңірлер жаңа астықты өздері сатып алуда. Нан бағасының қымбаттауына бірнеше себеп болуы мүмкін, - деді министр.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Электр энергиясы, коммуналдық қызметтер қымбаттап жатыр. Сондықтан жалпы баға өсімі бар. Оны байқап отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық іс-шараны қабылдаймыз. Бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ. Өйткені, ұн өткен жылмен салыстырғанда молынан өндіріліп жатыр. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жиналады деп жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы бидай болады. Әлеуметтік ұнның бағасы да бақылауға алынады.

А. Серік