Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысында бүтін бір аудан таза ауыз суға жарымай отыр

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
835
Павлодар облысында бүтін бір аудан таза ауыз суға жарымай отыр

Павлодар облысында бүтін бір ауданның халқы таза суға жарымай отыр. Тұрғындардың айтуынша, Май ауданына орталық су құбыры тартылған. Алайда, судың сапасы сын көтермейді. Соның кесірінен , бәріміз ауру болдық дейді. Жұртшылықтың мұң- мұқтажын тілшіміз Өзгеріс Қуанар жеткізеді.

Май ауданына су құбыры 3 жыл бұрын тартылған. Бірақ, содан бері басынан дау арылған емес. Тұрғындар тіршілік нәрінің сапасыз екенін айтып, жиі шағымданады.

Ұлжан АРЫНОВА, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Судың сапасы өте нашар. Былай айтқанда ішуге келмейді. Хоть қайнатып ішсең де, іше алмайсың. Тастар да тұрады, мусор аппақ еще. Суды біз магазиннен сатып аламыз.

Тұрғындар медициналық тексеруден де өткен. Сараптама нәтижесі көңіл көншітпейді дейді.

Ерболат ТҮСІПБЕКОВ, САТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жуырда «Саламатты пойыз» деген келген сонда біздің ауылдан 10-15 шақты адам бардық. УЗИ-ге түскен кезде түгелінің бүйректерінен құм шықты.

Ал су тазарту стансасына жауапты мамандар бізде кінә жоқ - деп өздеріне шаң жуытпайды. Бар гәп ауылішілік құбырларда болуы мүмкін – деп арнаны басқа жаққа бұрды.

Арман ОСПАНОВ, «НҰРА ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» РМК «ЕРТІС» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Ертіс» филиалы су сорғы станциясы орналасқан Баскөл ауылы мен Ақжар елдімекеніне дейінгі аралықтағы орталық магистральға жауапты. Ал, әр ауылдың ішіне тартылған құбырларға біз қызмет көрсетпейміз.

Ауылдарды сумен қамтуға әкімдік жауапты. Аудан әкімі де судың сапасыз екенін растаЙды.

Ағыбай ӘМІРИН, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Су қайнатқан кезде шәйнектің болсын, самаурын болсын түбінде қалатын ұнтағы бар. Екіншіден жуған кезде қолыңды жуу басқадай сабын көпіре қоймайды. Иә, қаттылығы бар. Оны қабылдаймыз. Мен бірінші келген күннен бері айтқам біз судың сапасы бойынша шегіне жетуіміз керек.

Әкімдік Алматыдан арнайы мамандарды шақырып сараптама жасатқан. Олар судың қатты екенін анықтап, қосымша су тазартқыш қондырғылар орнатуды ұсынған. Айта кетейік, бұл су құбырына май тұрғындары 10 жылда әрең қол жеткізген болатын.

Ө. Қуанар