Қоғамдық орында электронды темекі тартқан атыраулық мектеп оқушыларының әрекеті әлеуметтік желіде тарады. Видеода жасөспірімдердің ешкімнен қымсынбайтыны анық көрінеді.
Оқушыға жат әрекет көрсеткендер қаладағы Жапақ Қаражігітов атындағы нөмірі 16-мектептің 7-сынып оқушылары екені анықталды. Олар сабаққа дейін балалар алаңқайында кездесіп, еркін саудадағы электронды шылымның қызығына батқан. Жеткіншектердің ата-аналарына 46 мың теңге айыппұл салынды.
Гүлбиназ ЖАҚСИЕВА, АТЫРАУ қ. №16 Ж.ҚАРАЖІГІТОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ м.а:
Кеше оқушылардың сөзінше, бірінші рет пайдаланып тұрмыз деп өздері солай жауап берді. Балалар өздерінің қателіктерін түсініп жатыр, өкініп жатыр, болашақта қайталамайтындарын айтып жатыр. Ата-аналарға да түсінік жұмыстары жүргізілді.
Б. Нәдірқызы